Ескелді ауданында жаңадан үш модульді өрт сөндіру бекеттері ашылды

Ескелді ауданында жаңадан үш модульді өрт сөндіру бекеттері ашылды

Ескелді ауданында жаңадан үш модульді өрт сөндіру бекеттері ашылды

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде модульді өрт сөндіру бекеттерін құру жөніндегі жұмыстары 2019 жылдан бастап «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы және «2019-2023 жылдарға арналған өрт сөндіру бекеттерін кезең-кезеңімен құру жоспары» шеңберінде басталды. Бүгінгі таңда модульді өрт сөндіру бекеттері аудандық бөліністе ТЖ кезіндегі күштер мен құралдарды тарту жоспарларына енгізілген. Модульді өрт сөндіру бекеттерінде ЖАО қызметкерлері қатарынан тәулік бойы кезекшілік жүзеге асырылады, олар негізінен арнайы даярлықтан өткен жергілікті тұрғындар.
2022 жылғы 15 қарашада Ескелді ауданының Жетісу, Қаратал және Ақын Сара ауылдарында үш модульді өрт сөндіру бекеті ашылды, олар шалғайдағы елді мекендерде өртті сөндіруді айқындайтын болады.
Бекеттердің ашылуы аудан мен тиісті ауылдық округ әкімдіктері қызметкерлері және облыстық ТЖД қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты түрде өткізілді. Бекет қызметкерлерімен өрт сөндіру кезінде техника қауіпсіздігі және жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу ережелері бойынша нұсқаулықтар өткізілді.
2023 жылға Ескелді ауданында осыған ұқсас тағы 1 модульді бекет құру жоспарланған.

Ескелді ауданының әкімдігі