Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлау кезеңіндегі БАҚ және журналистерге арналған ЖАДЫНАМА

Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлау кезеңіндегі БАҚ және журналистерге арналған ЖАДЫНАМА
  1. БАҚ құқықтары мен міндеттері

1.1. Бақ құқықтары

 - дауыс беру күні сайлау учаскелеріне қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде өкілдер жіберуге («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 20 б. 8 т.);

 - сайлау комиссияларының отырыстарына қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде өкілдер жіберуге («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 20 б. 7 т.);

 - «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 29 бабы 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда (сайлау алдындағы бағдарламада Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiру, әлеуметтік, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендiрілген құралымдар құру идеялары уағыздалмауға тиiс) («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 27 б. 8 т.);

- Интернет желісінде бұрын орналастырылған үгіт материалдарын бұрынғы орындарында қалдыруға («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 32  б. 2 т.).

1.2. Бақ міндеттері

- барлық кандидаттарды және партиялық тізімдерді ұсыну, оларды сайлау комиссияларының тіркеуі жөніндегі іс-шаралар туралы ақпаратты баспасөз бетіндегі орны, эфир уақыты бойынша бірдей көлемде таратуға міндетті («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 27-б. 7-т.);

- тiркелген кандидаттарға және партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға шарттық негiзде эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын беру («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 28-б. 3-т.);

- эфир және баспасөз бетінен орын бергені үшін төлемнің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді тиісті бұқаралық ақпарат құралы сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан кемінде бес күн бұрын хабарлауға және жариялауға, сондай-ақ олар Президентті және Парламент депутаттарын сайлау кезінде – Орталық сайлау комиссиясына, мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде өзге де аумақтық сайлау комиссияларына ұсынылуға тиіс («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 28-б. 3-т.);

- сайлау алдындағы үгіт кезеңінде кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгітіне байланысты мерзімді баспасөз басылымының таралымы барлық кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар үшін бірдей болуға тиіс («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 28-б. 3-т.);

- барлық үгiттiк баспа материалдарында сол материалдарды шығарған ұйым, олар басылған жерi мен таралымы, тапсырыс жасаған тұлғалар, қандай қаражаттан төленгендiгi туралы мәліметтердің мазмұнын қамтамасыз ету. Yгiттiк баспа материалдарын Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде дайындауға, анонимдiк үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 28-б. 5-т.);

- кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау науқанын объективтi жазып-көрсетудi жүзеге асыруға тиіс («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 27-б. 7-т.);

- кандидаттарға, саяси партияларға ар-намысын, қадiр-қасиетін және iскерлiк беделін қорғау үшiн баспа басылымының ең таяудағы нөмірінде сол көлемде, сол қаріппен және теріске шығарылатын хабар немесе материал орналастырылған сол жерде терiске шығаруды тегiн жариялауына мүмкiндiк беруге міндетті. Радио және телевизия арқылы терiске шығару теріске шығарылатын хабар немесе материал сияқты тәуліктің сол уақытында және сол теле- және радиобағдарламада, ал аталған теле- және радиобағдарлама жабылып қалған жағдайларда – оған тақырыптық бағыты сәйкес келетін өзге теле- және радиобағдарламада берілуге тиіс (теріске шығару көлемі теріске шығарылатын хабардың немесе материалдың көлемінен екі есе және одан үлкен болмауға тиіс) («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 27-б. 7-т.);

- тиiстi сайлау комиссияларына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңда белгiленген сайлау алдындағы науқан барысы туралы ақпаратты және хабарларды жариялау мүмкiндiгін дереу беру («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 27-б. 7-т.);

- сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары сауал жүргiзген заңды тұлғаны, сауал жүргізуге тапсырыс берген және оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауал жүргiзілген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрақтың нақты тұжырымын, сауал салынғандардың саны мен сауал салу нәтижелерінің қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi (қоғамдық пікірге сауал салуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізуге құқылы) («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 28-б. 9-т.).

1.3. БАҚ үшін шектеулер мен тыйымдар

          - кандидаттар не олардың сенiм бiлдiрген адамдары болып тiркелген бұқаралық ақпарат құралдары редакциялары лауазымды адамдарының сайлауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсетуге қатысуына құқығы жоқ («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 27-б. 6-т.);

          - эфир және баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер жарияланғанға дейін кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың үгіт материалдарын орналастыру, тарату үшін эфир уақытын, баспасөз бетінен орын бере алмайды («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 28-б. 3-т.);

          - кандидаттарға және партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға бұқаралық ақпарат құралдарында эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын беру туралы шарттың талаптары белгiлi бiр кандидатқа, саяси партияға артықшылық жасамауға тиiс («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 28-б. 3-т.);

- кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне көрiнеу нұқсан келтiретiн үгiт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан қалыс қалуға тиiс («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 27-б. 7-т.);

 - қандидаттардың телевизия мен радиода сөйлеп жатқан сөздерiн бөлуге және сөйлеген сөздерiнен кейін iле-шала, сондай-ақ баспасөз басылымдарындағы сөздерiнен кейін сол нөмiрде түсiнiктеме жасауға тыйым салынады («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 28-б. 3-т.);

 - қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні Интернет желісінде жариялауға жол берілмейдi («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 28-б. 9-т.);

-  сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргізуге тыйым салынады («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 28-б. 9-т.);

-  сайлау болатын күнi және оның қарсаңындағы күнi кез келген үгiтке тыйым салынады («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 32-б. 1-т.);

- бұрын орналастырылған материалдарды интернет-ресурстардың басты беттеріне шығаруға жол берілмейді («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 32-б. 2-т.);.

  1. Журналистердің құқықтары мен міндеттері

2.1. Журналистердің құқықтары

  • ақпаратты iздестiрудi жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға («БАҚ туралы» ҚРЗ 20-бабының 1) тармақшасы);
  • мемлекеттiк органдарға, барлық меншiк нысандарындағы ұйымдарға баруына және өзiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты олардың лауазымды адамдарының қабылдауында болуға, жабық шара өткiзу туралы шешiм қабылданғаннан басқа жағдайда өзiн тiркеген орган өткiзетiн барлық шараларға қатысуға («БАҚ туралы» ҚРЗ 20-бабының 2) тармақшасы);
  • Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, жазбалар, соның iшiнде оларды дыбыс-бейне техникасын, кино-фото түсiру құралдарын пайдалана отырып жасауға («БАҚ туралы» ҚРЗ 20-бабының 3) тармақшасы);
  • журналист куәлігін, айырым белгісін көрсету арқылы дүлей зілзалалар ауданында, бейбіт жиналыстарда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделерді білдірудің өзге де нысандары кезінде болуға («БАҚ туралы» ҚРЗ 20-бабының 4) тармақшасы);
  • құжаттар мен материалдардың мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәлiметтерi бар үзiндiлерiн қоспағанда, олармен танысуға рұқсат алуға («БАҚ туралы» ҚРЗ 20-бабының 5) тармақшасы);
  • алынатын ақпараттың дұрыстығын тексеруге («БАҚ туралы» ҚРЗ 20-бабының 6) тармақшасы);
  • алынған ақпараттық материалдарды тексеру кезiнде мамандарға жүгiнуге(«БАҚ туралы» ҚРЗ 20-бабының 7) тармақшасы);
  • өзi дайындаған хабарлар мен материалдарға қолын қойып, шартты атын (бүркеншiк атын) көрсетiп таратуға («БАҚ туралы» ҚРЗ 20-бабының 8) тармақшасы);
  • материалдың мазмұны редакциялық түзетуден кейін журналистің жеке сеніміне қайшы келсе, оған өз қолы қойылып жариялануынан бас тартуға («БАҚ туралы» ҚРЗ 20-бабының 9) тармақшасы);
  • авторлық және ақпарат көздерiнiң құпиясы соттың талап етуiмен жарияланған жағдайларды қоспағанда, бұл құпияларды сақтауға құқығы бар («БАҚ туралы» ҚРЗ 20-бабының 10) тармақшасы).

2.2. Журналистердің міндеттері

-  Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа ала отырып, өзi шарттық қатынастарда тұрған бұқаралық ақпарат құралының қызмет бағдарламасын жүзеге асыруға («БАҚ туралы» ҚРЗ 21-бабының 1) тармақшасы);

 - таратылатын ақпараттың анықтығын тиісті жеке және (немесе) заңды тұлғаларға сұрау салулар жіберу арқылы не Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдермен тексеру жөніндегі шараларды қабылдауға («БАҚ туралы» ҚРЗ 21-бабының 1-2) тармақшасы);         

- шындыққа сәйкес келмейтiн ақпаратты таратпауға («БАҚ туралы» ҚРЗ 21-бабының 2) тармақшасы);  

 - ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар жасаған өтiнiштердi қанағаттандыруға («БАҚ туралы» ҚРЗ 21-бабының 3) тармақшасы);         

- егер мәліметтер ресми хабарларда көрсетілген және (немесе) оларды жеке және (немесе) заңды тұлғаның өзі не олардың өкілдері қолжетімділігі шектелмеген дереккөздерде таратқан жағдайларды қоспағанда, жеке және (немесе) заңды тұлғадан не олардың өкілдерінен бұқаралық ақпарат құралында жеке басының, отбасылық, дәрігерлік, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды таратуға келісімін алуға («БАҚ туралы» ҚРЗ 21-бабының 3-1) тармақшасы);

 - жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн құрметтеуге («БАҚ туралы» ҚРЗ 21-бабының 4) тармақшасы);

 - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiне жүктелген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi («БАҚ туралы» ҚРЗ 21-бабының 5) тармақшасы).

2.3. Журналистер үшін шектеулер мен тыйымдар

- шындыққа сәйкес келмейтiн ақпаратты таратпауға («БАҚ туралы» ҚРЗ 21-бабының 2) тармақшасы);  

- кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне көрiнеу нұқсан келтiретiн үгiт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан қалыс қалуға тиiс («ҚР сайлау туралы» ҚР ҚЗ 27-б. 7-т.);

- кандидаттар не олардың сенiм бiлдiрген адамдары болып тiркелген журналистердiң сайлауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсетуге қатысуына құқығы жоқ («ҚР сайлау туралы» ҚР ҚЗ 27-б. 6-т.).

  1. Шетел бұқаралық ақпарат құралдарының құқықтары мен міндеттері

3.1. Шетел бұқаралық ақпарат құралдарының құқықтары

  • сайлау процесінің барлық кезеңдеріне қатысуға «ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 20-2- б. 6-т.);
  • сайлау комиссияларында сайлау науқанының барысы туралы ақпарат алуға «ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 20-2- б. 6-т.);
  • дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау кезінде сайлау учаскелеріне кіруге («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 20-2- б. 6-т.);
  • сайлау процесіне қатысушылармен кездесуге («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 20-2- б. 6-т.);
  • өздерінің байқағандары, анықталған заң бұзушылықтар туралы сайлау комиссияларының мүшелерін хабардар етуге, ұсынымдар енгізуге («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 20-2- б. 6-т.);
  • жария мәлімдемелер жасауға («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 20-2- б. 6-т.);
  • дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімін байқауға құқығы бар («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 20-2- б. 6-т.).

3.2. Шетел бұқаралық ақпарат құралдарының міндеттері

  • жеке басын және аккредиттелгенін куәландыратын құжаттарын өздерімен бірге алып жүруге («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 20-2- б. 7-т.);
  • сайлау процесіне, сайлау комиссиясының дауыстарды санау және шешімдер қабылдау рәсіміне араласпауға («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 20-2- б. 7-т.);
  • сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамауға («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 20-2- б. 7-т.);
  • сайлау учаскесінде сайлау комиссиясы төрағасының тиісті сайлау комиссиясы белгілеген тәртіп ережелерін сақтау жөніндегі талаптарын орындауға («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 20-2- б. 7-т.);
  • алаламауға, нақты кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 20-2- б. 7-т.);
  • Қазақстан Республикасының осы Конституциялық заңының және өзге де заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 20-2- б. 7-т.).
  1. Сайлау комиссияларының қызметіндегі жариялылық

Дауыс беру күні дауыс беруге арналған сайлау учаскесі ашылған кезден бастап және сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін сайлау учаскесінде бір мезгілде әрбір кандидаттан немесе партиялық тізімін ұсынған саяси партиядан сенім білдірілген бір-бір адамнан, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде әрбір бұқаралық ақпарат құралынан бір-бір өкілден және Қазақстан Республикасының әрбір саяси партиясынан, өзге де қоғамдық бірлестігінен, басқа да коммерциялық емес ұйымдарынан бір-бір байқаушыдан және аудармашы бірге жүруге құқылы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатысуға құқылы («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 20 б. 8 т.).

  1. Дебаттар өткізу

  Президенттікке кандидаттар, Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстарға қатысуға құқылы.

 Орталық сайлау комиссиясы айқындайтын сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу тәртібі мен шарттары бірдей болуға және белгілі бір кандидатқа немесе саяси партияға артықшылық жасамауға тиiс («ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 28 б. 3 т.)

  1. БАҚ және журналисттердің жауапкершілігі

ҚР ӘҚБтК 102-бабы. Сайлау алдындағы үгiтті оған тыйым салынған кезеңде жүргiзу

Кандидатты, саяси партия ұсынған партиялық тізімді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін, сайлау болатын күні не оның қарсаңындағы күні сайлау алдындағы үгітті жүргізу, сондай-ақ республикалық референдум өткізілетін күні не оның қарсаңындағы күні үгіт жүргізу  жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР ӘҚБтК 104-бабы. Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтер тарату

Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтер тарату немесе сайлаудың нәтижесіне ықпал ету мақсатында олардың абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін өзге де әрекеттер жасау – жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР ӘҚБтК 112-бабы. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгiтті жүргiзу шарттарын бұзу

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау алдындағы іс-шаралардың мақсаттарын, міндеттері мен нәтижелерін бұрмалаудан көрінетін, кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау науқанын, сондай-ақ олармен байланысты оқиғалар мен фактілерді объективті көрсетпеуі – жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
  2. Бұқаралық ақпарат құралдарының кандидаттың немесе саяси партияның абыройына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне көрінеу нұқсан келтiретiн үгіт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялауы, сондай-ақ аталған тұлғаларға абыройын, қадiр-қасиетiн және iскерлiк беделiн қорғауы үшін теріске шығаруды тегін жариялауына мүмкіндік беруден бас тарту – жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
  3. Кандидаттардың теледидар мен радиода сөйлеп жатқан сөздерін бөлу және сөйлеген сөздерінен кейін іле-шала, сондай-ақ баспа басылымдарындағы сөздеріне сол бір нөмірде түсініктеме жасау – жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
  4. Бұқаралық ақпарат құралдарының барлық кандидаттарды және партиялық тізімдерді ұсыну, оларды сайлау комиссияларының тіркеуі жөніндегі іс-шаралар туралы ақпаратты баспасөз бетінен орын, эфир уақыты бойынша бірдей көлемде тарату туралы талаптарды бұзуы – жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
  5. Эфирден жəне баспасөз бетінен орын бергені үшін төлемнің мөлшері, шарттары жəне тəртібі туралы мəліметті сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған жəне жарияламаған, сондай-ақ сайлау комиссиясына ұсынбаған бұқаралық ақпарат құралдарының сайлауға қатысатын кандидаттардың, саяси партиялардың үгіт материалдарын жариялауы немесе эфирге шығаруы – лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
  6. Бұқаралық ақпарат құралының кандидаттардың біріне, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беруден бас тартуы, егер басқа кандидатқа, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға осы бұқаралық ақпарат құралы эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беруге келісім берілсе, – лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
  7. Кандидаттардың және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарында жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен не егер өтініштер бір мезгілде келіп түссе жеребе бойынша белгіленген сөз сөйлеу кезектілігінің бұзылуы – лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
  8. Кандидаттарға және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға бұқаралық ақпарат құралдарында эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беру туралы шарт талаптармен қандай да бір кандидатқа, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға артықшылық туғызу - лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР ӘҚБтК 113-бабы. Анонимдік үгiттеу материалдарын дайындау немесе тарату

      Мемлекеттiк билік органдарына және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлауды (республикалық референдумды) әзiрлеу мен өткiзу кезеңiнде үгіттеу материалдарын шығарған ұйымдар, олардың басылған жерi, таралымы, тапсырыс берген тұлғалар және қандай қаражаттан төленгені туралы ақпараты жоқ үгiттік баспа және электрондық материалдарды дайындау немесе тарату, сондай-ақ үгіттік баспа материалдарын Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде дайындау, анонимдік үгіттеу материалдарын тарату - жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР ӘҚБтК 120-бабы. Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзу

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пiкiрге сауал салу нəтижелерін, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер нəтижелерінің болжамдарын жариялау тəртiбiн бұзуы, атап айтқанда сауал салуды жүргізген заңды тұлғаны, сауал салуға тапсырыс берген жəне оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауал салу жүргізілген уақытты, ақпарат жинау əдісін, сұрақтың нақты тұжырымын, сауал салынғандар санын жəне сауал салу нəтижелерінің қателік коэффициентін көрсетпеу – жеке тұлғаларға – он бес, заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады.
  2. Бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пікірге сауал салу нəтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нəтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде жəне дауыс берiлетiн күні Интернет желісінде жариялау, сондай-ақ сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргізу – жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады.
  3. Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу – жеке тұлғаларға – он бес, заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады.

ҚР ӘҚБтК 122-бабы. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзу

  1. Кандидаттар не олардың сенім білдірілген тұлғалары болып тіркелген журналистердің, бұқаралық ақпарат құралдары редакциялары лауазымды адамдарының сайлауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялауға қатысуы – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 150-бабы. Воспрепятствование осуществлению избирательных прав или работе избирательных комиссий

  1. Азаматтың өзінің сайлау құқықтарын немесе референдумға қатысу құқығын еркін жүзеге асыруына кедергі жасау – бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.

Бап  19.12.20 ж. № 384-VI ҚР Заңына сәйкес 1-1- баппен толықтырылды

1-1. Сайлау комиссияларының немесе референдум комиссияларының жұмысына заңсыз араласу және дауыс беруге, кандидатты, партиялық тізімдерді тіркеуге, дауыстарды санауға және сайлаудағы немесе референдумдағы дауыс беру нәтижелерін айқындауға байланысты міндеттерді атқаруға кедергі жасау   бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.

  1. Осы баптың бірінші және 1-1-бөліктерінде көзделген:

1) параға сатып алумен, алдаумен, күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен ұласқан;

2) адам өзiнiң лауазымдық жағдайын немесе қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;

3) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;

4) электрондық сайлау жүйесi жұмыс iстеуiнiң белгiленген тәртiбiн бұзу жолымен жасалған іс-әрекеттер – төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/press/news/details/448303?lang=kk