2021 жылы қыркүйекте Қазақстанда халық санағы басталады

2021 жылы қыркүйекте Қазақстанда халық санағы басталады

  ХАЛЫҚ САНАҒЫ

2    0     2     1

   ПЕРЕПИСЬ НАСЕЛЕНИЯ

 

2021 жылы қыркүйекте Қазақстанда халық санағы басталады

            2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы өтеді. Санақ «Қазақстанда әркім маңызды!В Казахстане каждый важен!» ұраны аясында ұйымдастырылады.

            Санақты өткізу процесін автоматтандыру және оған заманауи сандық технологияларды енгізу  - 2021 жылдың Ұлттық санағының басты жаңалығы болады.

            Биыл азаматтарға сауалнама парақтарын онлайн режимде өз бетінше толтыру немесе үй-үйді аралау кезінде офлайн толтыру мүмкіндіктері ұсынылуда.

            1 қыркүйектен бастап sanaq.qov.kz арнайы сайты жұмысын бастайды, мұнда қазақстандықтар 15 қазанға дейін онлайн-режимде санаққа қатысты барлық сұрақтарға жауап бере алады. Дәстүрлі жалпы аралау 1-30  қазан аралығыда жүргізіледі және ол белгіленген мерзім ішінде санақтан онлайн-режимде өтпеген респонденттер арасында жүргілетін болады.  Дәстүрлі кезеңнің жаңашылдығы – интервьюерлердің үй аралау кезінде электронды планшеттерді пайдалануы болмақ. Бұл санақ жүргізетін қызметкерлердің еңбек шығынын төмендетуге, мәліметтер сапасына адам факторының ықпалын азайтуға, ЖСН-ін енгізе отырып, санақ мәліметтерінің нақтылық деңгейін арттыруға, қағаз бен кеңселік құралдарды айтарлықтай үнемдеуге, сондай-ақ, интервьюерлер үшін қолайлылық пен олардың жинақылығын арттыруға мүмкіндік береді.

            Санақ кезінде мәліметтер жинау үшін сәйкестендіргіш ақпарат ретінде сауалнамаға қатысуышының ЖСН-і қолданылады. Бұл ақпараттың қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді.