Аудан әкімі мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Аудан  әкімі мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

 Аудан әкімі Рустам Әли мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Аудан басшысы мемлекеттік қызметші біртұтас мемлекеттік саясаттың дирижері екенін, мемлекеттік органдарда жұмыс жасайтын әрбір қызметкер патриотизм, адалдық және бұзылмастық үлгісі болуы керек екенін атап өтті. Ерекше көзге түскен қызметкерлер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Л.Бейсекулованың атынан үлгілі мемлекеттік қызметі үшін алғыс хаттармен марапатталғанын атап өткен жөн. Қалғандары облыстың мемлекеттік қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін аудан басшысының атынан марапатталды.
Мемлекеттік қызметшілер қатарына алғаш рет енгендер салтанатты түрде адал қызмет етуге, заң талаптарын сақтауға ант берді.