Қауіпсіз балалық шақ

Қауіпсіз балалық шақ

Қауіпсіз балалық шақ

«Ескелді ауданы ТЖБ – қауіпсіз балалық шақ үшін» науқаны шеңберінде Ескелді ауданы ТЖБ қызметкерлері «Айгөлек»  балабақшасында қауіпсіздік күнін өткізді. Шараның барысында мектепке дейінгі бүлдіршіндермен өрт қауіпсідігінің ережелері бойынша әңгіме-сұхбат өтті. ТЖБ қызметкерлері тәрбиешілермен бірге тұрмыстағы газ жабдығын, электр құралдарын, сонымен бірге компьютерлік техниканы пайдаланған кезінде өрт қауіпсідігінің ережелерін еске салып, жеке қауіпсіздік тақырыбы бойынша балаларға оқу бейнероликтер мен мультфильмдерді көрсетті.

Келер жазғы маусымда балалар қараусыз қалатынын ескере отырып, Ескелді ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің инженерлері отпен, сіріңкемен, оттық шақпақпен және басқа да жеңіл тұтанғыш заттармен ойындар қандай жағдайларға әкеп соқтыратынын түсіндірді. Аяқ астынан кесапатқа тап болмау үшін балаларға бақшада және үйде тұтану ошағы туындаған кезінде жүріп-тұру ережелерін түсіндіріп, жедел қызметтердің телефон нөмірлерін айтылды.

«ТЖБ қызметкерлері профилактикалық жұмысқа ерекше көңіл бөлді, ол жұмыс қатердің алдын алуға бағытталған, сондықтан судағы қауіпсіздік туралы маусым басталмай тұрып жүргізіледі. Балаларға ерекше көңіл бөлінеді, себебі су апаты туса оларды қорғау қиын.

 

Ескелді ауданы ТЖБ