2020 жылы БЖЗҚ салымшыларға 19,4 миллионнан астам қызмет көрсетті

2020 жылы БЖЗҚ салымшыларға 19,4 миллионнан астам қызмет көрсетті

2020 жылы БЖЗҚ салымшыларға 19,4 миллионнан астам қызмет көрсетті

 

           Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылы бірқатар шектеу шаралары қабылданған эпидемиологиялық жағдайға және коронавирустық індетке (COVID-19) қарамастан, көрсетілетін қызметтер санын 2019 жылмен салыстырғанда 15%  ұлғайтты. Осылайша  2021 жылдың 1 қаңтарына қарай БЖЗҚ салымшыларға 19,4 млн қызмет көрсетті, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен  2,5 млн-ға артық.

            БЖЗҚ-ның электрондық қызметтерінің танымал болуының арқасында бұл көрсеткіш 92% (17,9 млн) асып, қызметтерінің басым көпшілігін Қор онлайн форматта көрсетті. БЖЗҚ сайтында да, мобильді қосымшасында да бар жеке кабинеттің көмегімен салымшылар мына қызметтерді үйден шықпай-ақ алды: жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу, деректемелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның бар екендігі туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштің мәртебесін қадағалау және тағы басқа көптеген қызметтер.

            Салымшылардың бір бөлігі бұрынғысынша бүкіл Қазақстан бойынша орналасқан біздің филиалдарымызға жүгінеді. Салымшылар БЖЗҚ бөлімшелерінде 1,4 млн қызмет алды.

Бұдан басқа, еліміздің шалғай елді мекендерін зейнетақы қызметтерімен қамту үшін «БЖЗҚ» АҚ және «Қазпошта» АҚ Ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде Қордың салымшылары мен алушыларына қызмет көрсету бойынша бірлескен жоба жүзеге асырылуда. Естеріңізге сала кетейік, «Қазпошта» бөлімшелерінде төмендегі операцияларды жүзеге асыруға болады:

  • салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің деректемелері, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту (толықтыру) туралы өтініш беру);
  • хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ қызметтеріне электрондық форматта қол жеткізу үшін) туралы келісімге қол қою.

Жалпы алғанда, 2020 жылы пошта операторының бөлімшелерінде бұл операциялар 6,3 мың рет пайдаланылды.

БЖЗҚ міндеттерінің бірі – сапалы кеңес беру қызметтерін көрсету және Қордың салымшылары мен алушылары үшін ақпараттық арналарды дамыту екенін атап өту маңызды. 2020 жылы салымшылардың кері байланыс арналары арқылы жасаған өтініштерінің саны бір жыл бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда екі есеге артты. 2020 жылы 1,4 млн өтініш болса, 2019 жылы 705 мың өтініш түскен.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін)  байланыс орталығына қоңырау шалып  кеңес ала алады. Сондай-ақ, кеңестерді www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боты арқылы, Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі Қордың ресми парақшаларынан алуға болады.