Тұрғын үй секторындағы алдын алу шаралары

Тұрғын үй секторындағы алдын алу шаралары

Тұрғын үй секторындағы алдын алу шаралары

 

Жылыту кезеңінде тұрғын үй секторындағы өрттердің саны өсуде, олардың негізгі себептері жылыту пештері мен электр жабдықтарының ақаулығы болып табылады.

Негізінен өрттер жеке тұрғын үйлерде тіркелген. Суық ауа райының басталуымен жеке үйлерде пештер жанады. Ал көп пәтерлі үйлерде қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін ұмытып, қосымша жылыту электр аспаптары, плиталар қосылады.

Тұрғын үй секторында өрттерді азайту мақсатында үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.  Профилактикалық рейдтер жүргізу кезінде жеке үйлердің иелеріне өрт статистикасы, олардың пайда болуының негізгі себептері келтіріледі, өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары жазылған ұсыныстардың түбіршектері беріледі, сондай-ақ өрт туындаған жағдайда өртке қарсы қызметті шақыру үшін 101 немесе 112 телефондарын еске саламыз.

Жылыту пешінің ақаулығы өртке ғана емес, сонымен қатар улы газбен улануға да алып келеді. Бітелген түтіндік, күйіктер, пеш конструкциясындағы жарықтар тұншықтырғыш газбен улануға қызмет етуі мүмкін.

Тұрғын үй секторында алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде Ескелді ауданы ТЖБ және №23 ӨСБ қызметкерлері жеке үйлердің әрбір иесіне өрт статистикасы, өрттердің негізгі себептері туралы, пеш пен электр жабдығын пайдалану кезіндегі негізгі талаптар туралы ақпаратты жеткізеді.

Үгіт-насихат іс-шараларды өткізу арқылы қызметкерлер өздері жүргізіп жатқан жұмыстар тұрғындарды бей-жай қалдырмайды деп үміттенеді. Жеке үйдің әр иесі өзін және көршілерін қорқынышты апаттан - өрттен қорғайды.

 

 Ескелді ауданы ТЖБ