Жемқорлықпен күрес – әрбір азаматтың борышы

Жемқорлықпен күрес – әрбір азаматтың борышы

Жемқорлықпен күресәрбір азаматтың борышы

 

Жемқорлықпен ымырасыз күресу арқылы ғана алға қойған мақсатқа қол жеткізуге болады. Жемқорлық – қоғам өміріндегі жаңа нәрсе емес, ол тіптен барлық мемлекетке тән көп ғасырлық тарихы бар. Елбасы айтқандай – «Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы біртұтас майдан болып шығуы керек». Жемқорлық – ол тек қана құқықбұзушылық емес. Ол мемлекет сеніміне және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер болып табылады. Жемқорлық - біздің бағалы мемлекетіміздің негізіне, Қазақстанның барлық жетістігіне себеп болған - тәуелсіздікке қауіп келтіреді. Жемқорлық қоғамның мемлекетке деген сенімін бұзады, мемлекет билігінің тиімділігін түсіреді, мемлекеттің рухани және әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне қауіпті тосқауыл болады. Жемқорлыққа немқұрайлы қарау қоғамның қауіпті мәселесі болып табылады. Азаматтардың санасында жемқорлық кәдімгі іс, тіпті кейбіреулерге өзекті мәселелерін шешіп заңды айналып өту үшін іс болып табылады. Азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденит, жемқорлыққа қарсы қайсар төзімділік болмаған жағдайда, оны көпшілікке айтып бетке басудан тиісті нәтиже шығару мүмкін емес. Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы жемқорлықпен күрес – барлық қоғамның, әрбір азаматтың ісі екенін түсінуі қажет. Жемқорлық құқықбұзушылығының жолын кесу және ескерту бойынша  аудандағы мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларымен жүргізіліп жатқан жұмыстарға халықта белсенді атсалысса тиімді болар еді.

 

Ескелді ауданы бойынша МКБ бас маманы Буклова С.В.