Меню
Страницы
Деятельность
Контакты
Пресс-центр
Документы
Аппарат акима
gov@nitec.kz

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы

«Ескелді ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2009 жылдан бастап «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.09.2020 жылғы № 72 бұйрығымен өзгерістер еңгізіліп,  «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидалары» болып жаңа редакцияда бекітілді.

Осыған байланысты, ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың кадрлар тапшылығын жою мақсатында «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасына енді мемлекеттік қызметшілерде қатыса алады. Бұл бағдарламаға ауыл, кент, ауылдық округтер әкімдері аппаратының бас және жетекші мамандары үміткер бола алады.

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі (құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде) көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы немесе электрондық форматта "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) көтерме жәрдемақы алған кезде:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

      көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

      2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

      көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

      сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);

      Кредиттік бюродан есеп;

      Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алуға бір мезгілде өтініш беруге жол беріледі.

Бағдарламаға қатысушыларға:

1) ауылдық елді мекенде тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 15 жыл мерзімге, 0,01% мөлшерлемемен, 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бюджеттік кредит;

2) 100 айлық есептік мөлшеріндегі біржолғы көтерме жәрдемақы (қайтарымсыз) беріледі.

Әлеуметтік қолдау көрсету шарттары: ол бұрын берілген кредиттер бойынша берешектің болмауы және ауылдық округте кемінде 3 жыл жұмыспен өтеу қажеттілігі.

 

 

Экономика және бюджеттік жоспарлау

бөлімінің бас маманы С. Жайнақова

 

 

Дата публикации
22 февраля 2021
Направления деятельности
Популярные новости
Социальные медиа
Акимат Ескельдинского района
Ескельдинский район
Ескельдинский район
Меню подвал
Сайт Президента РК
Цели устойчивого развития
Открытое Правительство
Законодательство
Государственные символы РК
Послания Президента РК
Сайт Парламента РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы
Сайт Премьер-Министра РК
Структура Правительства РК