КВИ клиникалық белгілері және оның алдын алу туралы жадынама

КВИ клиникалық белгілері және оның алдын алу туралы жадынама

Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары!

Коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты Сізден өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына мұқият қарауды сұраймыз.

Белгілері пайда болған кезде: дене температурасының жоғарылауы, жөтел, жалпы әлсіздік, шаршағыштық, бас ауруы, тамақтың ауыруы, мұрынның ағуы, ентігу, жүрек айну, құсу, диарея, иіс пен дәм сезуінің жоғалуы кезінде медициналық мекемелердің сүзгісіне келесі мекен-жайлар бойынша хабарласуыңызды немесе байланыс телефондары арқылы дәрігерді үйге шақыруыңызды сұраймыз.

Жоғары температура, ентігу, ауыр халде жедел медициналық көмекке жүгініңіз.

Өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыз!

Қол гигиенасын сақтаңыз, шұғыл қажеттіліксіз қоғамдық орындарға, адамдар көп жиналатын орындарға, ойын-сауық орталықтарына, кафелерге, мейрамханаларға бармаңыз. Адамдар көп жиналатын жерлерде кемінде 2 метр қашықтықты сақтаңыз, бетперде киіңіз, үйдің гигиенасын сақтаңыз, бөлмелерді желдетіңіз.

Барлық қауіпсіздік шараларын сақтап, сау болыңызды тілейміз!

Байланыс деректері:

  • ШЖҚ «№1 Талдықорған қалалық емханасы» МКК, Гаухар Ана көшесі, 87, тел.: 24-34-98, 24-39-70;
  • Алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы, Б.Әшімов көшесі, 14, тел.: 41-27-48, 41-27-47;
  • Балалар емханасы, Н.Назарбаев даңғылы, 57, тел.: 24-27-31, 24-62-01;
  • Жалпы тәжірибе дәрігерлерінің бөлімшесі, 4 ш/а, 35 А үй, тел.: 25-22-49, 25-17-52;
  • ШЖҚ «№ 2 Талдықорған қалалық емханасы» МКК, Гаухар Ана к-сі, 87 «В», тел.: 24-77-82, 24-08-03;
  • «Нұр-Авиценум медициналық орталығы» мемлекеттік емес мекемесі, Ескелді би көшесі, 224, тел.: 23-32-31;
  • ХАК медициналық орталығы, Н.Назарбаев даңғылы, 127, тел.: 39-01-78.