
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің бастамасымен 2026 жылғы 24 шілдеде ШЖҚ «Ескелді аудандық орталық ауруханасы» МКК-де денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша Азаматтарды қабылдау өткізілді.
Іс-шара барысында аурухана мамандары тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді.
Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру, олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету және халыққа сапалы қызмет көрсету.