🔻 ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА 13 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

🔻 ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА 13 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

Ағымдағы жылдың 1 мамыры – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Ескелді ауданында ерекше қуанышты оқиға өтті. Әлеуметтік осал топтар санатындағы 13 тұрғынға жаңа баспананың кілттері салтанатты түрде табысталды. Көптен күткен қуанышқа кенелген отбасылар қоныс тойларын атап өтті. Салтанатты рәсім барысында аудан әкімі Елдос Ахметов үйлердің кілттерін ресми түрде табыс етіп, жаңа қоныстанушыларды шын жүректен құттықтады. Аудан әкімі өз сөзінде: – Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың арқасында ауданымызда тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бүгін 13 отбасының жаңа үйге ие болуы – соның айқын дәлелі. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, тұрғындарды жайлы әрі қауіпсіз баспанамен қамтамасыз ету басты міндетіміз, – деді. Сондай-ақ, аудан басшысы жаңа қоныс иелеріне ақжарма тілегін білдіріп, әр шаңыраққа бақ-береке мен амандық тіледі.