Аудан әкімі Елдос Ахметов Ескелді ауданындағы егіс науқанының барысын арнайы аралап, көктемгі дала жұмыстарының жүргізілуімен танысты

Аудан әкімі Елдос Ахметов Ескелді ауданындағы егіс науқанының барысын арнайы аралап, көктемгі дала жұмыстарының жүргізілуімен танысты

Аудан әкімі Елдос Ахметов Ескелді ауданындағы егіс науқанының барысын арнайы аралап, көктемгі дала жұмыстарының жүргізілуімен танысты. Шаруашылық алқаптарын аралау барысында ол диқандармен тілдесіп, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына және белгіленген жоспарлардың орындалу деңгейіне оң бағасын берді.

Биыл аудан бойынша 18 100 гектар жерге ылғал жабу жұмыстары жоспарланып, толық көлемде, яғни 100 пайызға орындалды. Сонымен қатар, себу алдындағы өңдеу (тырмалау) жұмыстары да толық жүзеге асырылды.

Қазіргі таңда жер жырту жұмыстары аяқталып, жоспарланған 24 122 гектар толық игеріліп, 100 пайыздық көрсеткішке қол жеткізілді.

Жаздық дәнді масақты дақылдарды себу жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда. Бүгінгі күні жоспарланған 20 007 гектардың 18 607 гектарына егін себіліп, орындалу көрсеткіші 93 пайызды құрап отыр.

Егіс құрылымына сәйкес:
🌽 жүгері — 3 505,3 гектар
🌻 майлы дақылдар — 12 800 гектар
🥕 көкөніс және бақша дақылдары — 1 032,9 гектар
🌾 азықтық дақылдар — 5 706 гектар көлемінде жоспарланған.

Аудан әкімі Елдос Ахметов өз сөзінде:
«Көктемгі дала жұмыстары – ауыл шаруашылығы үшін аса маңызды кезең. Бүгінде аудан диқандары ұйымшылдықпен еңбек етіп, жоспарланған жұмыстарды уақтылы әрі сапалы орындауда. Бұл – ортақ еңбектің нәтижесі», – деп атап өтті.

Өз кезегінде ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген аудан тұрғыны:
«Қазір егіс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, ауа райы да қолайлы болып тұр. Уақытында сеуіп үлгеріп жатырмыз, соның арқасында өнім жақсы болады деп күтіп отырмыз. Алдағы жоспар бойынша жұмыстарды толық аяқтап, мол өнім алуға күш салып жатырмыз», – деп пікір білдірді.