
2026 жылдың 9 ақпанында Ескелді ауданы әкімінің өкімімен Абылкасымов Бағлан Абылханұлы Ескелді ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Абылкасымов Бағлан Абылханұлы 1975 жылы туылған, білімі жоғары, 2006 жылы Жетісу экономикалық институтында “қаржы және несие” мамандығы бойынша, және 2020 жылы Академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде “құрылыс” мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы «Болашақ» шаруа қожалығында бастады.
Әр жылдары Көксу ауданы Еңбекші ауылдық округі әкімінің бас маманы; «Көксу аудандық құрылыс бөлімі» ММ-нің төтенше жағдай және әскери жұмылдыру жөніндегі бас маманы; «Көксу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің бастығы; «Көксу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің басшысы; «Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің басшысы; Көксу ауданы Айнабұлақ және Еңбекші ауылдық округтерінің әкімі; «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің басқарма басшысының орынбасары; Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарған.