Ардагерлер алқасының конференциясы өтті

Ардагерлер алқасының конференциясы өтті

Аудан әкімі Ахметов Елдос Тұрсынбайұлы ардагерлер кеңесінің конференциясына қатысты.

Конференция аясында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ескелді аудандық филиалының есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Жиынға аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округтердегі ақсақалдар алқасының төрағалары, әр округтен сайланған делегаттар, аналар кеңесінің төрайымдары мен әжелер алқасының өкілдері қатысты.

📊 Күн тәртібінде Ескелді ауданы ардагерлер ұйымының 2021–2025 жылдары атқарған жұмыстары қорытындыланып, алдағы жылға арналған міндеттері мен жоспарлары талқыланды. Жиын соңында аудан әкімі Елдос Ахметов сөз сөйлеп, жүзеге асқан және алдағы уақытта жоспарланған жұмыстарға тоқталып өтті.

🤝 Ардагерлердің қоғамдағы рөлі, ел бірлігі мен ұрпақ тәрбиесіндегі үлесі әрдайым жоғары бағаланады.