20 қаңтар күні Ескелді ауданында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды

20 қаңтар күні Ескелді ауданында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды

«ҚазАгроҚаржы» АҚ 2026 жылға Жетісу облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында техника сатып алу және қолданыстағы техникаларды жаңғыртуға 12,1 млрд теңге қаржы қарастырды.

🔻 20 қаңтар күні Ескелді ауданында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ ұсынатын лизингтік бағдарламалар, қаржыландыру тетіктері мен қатысу талаптары кеңінен түсіндірілді.

🔻 Іс-шараға салалық басқарманың мамандары, ауыл шаруашылығы техникасын жеткізуші компаниялардың өкілдері, Ескелді ауданы әкімдігінің жауапты қызметкерлері және фермерлік шаруашылық иелері қатысты.

🔻 Жиында егіс науқанына және өнім жинау кезеңіне қажетті техника түрлері, лизинг рәсімдеу жолдары, өтінімдерді қабылдау мер…