2025 жылдың 5 желтоқсан күні аудан әкімі Елдос Ахметов М. Байысов ауылының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді

2025 жылдың 5 желтоқсан күні аудан әкімі Елдос Ахметов М. Байысов ауылының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді

2025 жылдың 5 желтоқсан күні аудан әкімі Елдос Ахметов М. Байысов ауылының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Кездесу барысында ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, ауыз су мен жол мәселелері, ауыл шаруашылығын қолдау, қоғамдық қауіпсіздік және абаттандыру жұмыстары жан-жақты талқыланды.

Тұрғындар ауылдың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту жөніндегі ұсыныстарын жеткізді. Аудан әкімі әрбір сауалға нақты жауап беріп, атап көтерілген мәселелер бойынша жауапты бөлімдерге тапсырмалар берілетінін айтты.

Кездесу соңында Елдос Ахметов ауылды дамыту бағытында жоспарланып отырған жұмыстар туралы хабарлап, тұрғындармен тығыз байланыс жалғасатынын атап өтті.