
2025 жылдың 5 желтоқсан күні аудан әкімі Е. Ахметов Абай ауылының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Жиын барысында ауылдағы әлеуметтік-экономикалық жағдай, инфрақұрылым, жол жөндеу, ауыз су, абаттандыру және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері жан-жақты талқыланды.
Тұрғындар өз тараптарынан ауылдың күнделікті тұрмыс сапасын жақсарту бойынша ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Әкім барлық сауалдарға нақты жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар жүктелетінін атап өтті.
Кездесу қорытындысында ауылды дамытуға бағытталған бірқатар шаралар жоспарланып, тұрғындармен өзара тиімді қарым-қатынас орнату жалғасатыны айтылды.