Селге, көшкінге қауіпті аймақты бақылау. Қора шатқалы.

Селге, көшкінге қауіпті аймақты бақылау. Қора шатқалы.

Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 565 қаулысын орындау мақсатында, Ескелді ауданының ТЖБ қызметкерлері және "Қазселденқорғау" ММ Текелі өндірістік учаскесінің мамандарымен бірлесіп, 2020 жылдың 15 қазан күні ауданның таулы аймақтарында көшкін қаупі бар учаскелер анықталып, сол өңірлерде орналасқан ұйымдардың басшылары мен жұмысшыларына қауіпсіздік ережелері туралы халықпен ақпараттық-үгіт насихат және қауіпті учаскелерде жүріс-тұрыс қағидалары талаптарын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Профилактикалық іс-шаралар барысында, ескерту ұйғарымдамалары таратылып, көшкін қаупі бар кезеңде таулы аймақтарға шықпау және «Қазгидромет» РМК филиалдарынан келіп түскен дауылдық ескертулерге назар аудару керектігі ескертілді. Қазіргі таңда, «Қазселденқорғау» ММ мамандарымен, ауданның таулы аймақтарында күнделікті бақылау орнатылған.