Теңлік ауылында жаңа дәрігерлік БМК ашылды

Теңлік ауылында жаңа дәрігерлік БМК ашылды

Теңлік ауылында жаңа дәрігерлік БМК ашылды

Теңлік ауылының тұрғындары үшін қуанышты жаңалық — бүгін ауылда жаңа блокты-модульдік дәрігерлік пункт (БМК) пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына Ескелді ауданының әкімі Елдос Ахметов қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, нысанның лентасын қиып, ауыл тұрғындарымен бірге жаңа медициналық пунктті аралап көрді.

Жалпы ауданы 105 шаршы метрді құрайтын бұл заманауи БМК ауылдың 203 тұрғынына алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған. Мұнда медициналық кабинеттер, ем-дом бөлмесі және қажетті жабдықтармен қамтылған жағдай жасалған.

Жаңа нысанның ашылуы – ауыл халқының денсаулығын қорғау жолындағы маңызды қадам. Теңліктіктер енді өз ауылдарында сапалы медициналық қызметке қол жеткізе алады.