Қайнарлы ауылында жаңа ФАП өз есігін ашты

Қайнарлы ауылында жаңа ФАП өз есігін ашты

Қайнарлы ауылында жаңа ФАП өз есігін ашты

Қайнарлы ауылдық округінің тұрғындары үшін ерекше қуанышты күн болды — ауылда жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді.
Бұл ауыл халқының денсаулығын қорғауға және сапалы медициналық көмек алуға жасалған үлкен қадам.

Ашылу салтанатында аудан әкімі Елдос Ахметов пен аудандық аурухананың басшысы Сәуле Рыспекқызы лентасын қиып, жаңа нысанның ресми ашылуын жариялады.

ФАП заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, ауыл тұрғындарына амбулаториялық-поликлиникалық, алғашқы медициналық-санитарлық, сондай-ақ шұғыл және жедел медициналық көмек көрсететін болады.
Мұнда тұрғындарға аурулардың алдын алу, медициналық тексеруден өткізу, профилактикалық екпе жасау және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында тұрақты қызмет ұсынылады.

Қайнарлы ауылында бүгінде 543 адам тұрады. Оның ішінде 167-сі – бала, 48-і – жасөспірім, 428-і – ересек тұрғындар.
Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың 5 қыркүйегінде басталып, 2025 жылдың қазан айында толық аяқталды.
Жаңа нысанның іске қосылуы ауыл өміріне жаңа тыныс беріп, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға серпін болмақ.