Жалғызағаш ауылында көптен күткен ФАП есігін айқара ашты

Жалғызағаш ауылында көптен күткен ФАП есігін айқара ашты

Жалғызағаш ауылында көптен күткен ФАП есігін айқара ашты

Ескелді ауданының Жалғызағаш ауылында тұрғындар үшін қуанышты оқиға орын алды — заманауи фельдшерлік-акушерлік пункт өз жұмысын бастады.
Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Елдос Ахметов қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, аудандық аурухананың басшысымен бірге жаңа нысанның лентасын қиды.

Жаңа медициналық пункт ауыл тұрғындарына сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді мақсат етеді. Мұнда алғашқы медициналық-санитарлық көмек, амбулаториялық-поликлиникалық қызмет, сондай-ақ шұғыл және жедел медициналық көмек көрсетілетін болады.
Сонымен қатар, аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, медициналық тексерулер мен профилактикалық екпелер жүргізу тұрақты түрде қолға алынбақ.

902 тұрғыны бар шағын ғана Жалғызағаш ауылы үшін бұл – зор қуаныш, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың 5 қыркүйегінде басталып, небары бір жыл ішінде толық аяқталып, 2025 жылдың қазан айында пайдалануға берілді.
Бүгінде жаңа ФАП — ауылдың шынайы мақтанышына айналды.