Ескелді ауданындағы елді мекендерді газдандыру жұмыстары

Ескелді ауданындағы елді мекендерді газдандыру жұмыстары

Ескелді ауданындағы елді мекендерді газдандыру жұмыстары

Ескелді ауданында тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жалпы 33 елді мекеннің 21-і 2030 жылға дейін газдандыру жоспарына енгізілген. Бүгінгі таңда ауданның 18 елді мекені табиғи газға қосылып, бұл көрсеткіш 86 пайызды құрап отыр.

Аудан аумағында АГРС “Қапал” газ тарату станциясының іске қосылуы – аймақ үшін маңызды оқиға. Соның нәтижесінде Ақын Сара және Қоңыр ауылдық округтерінің тұрғындары алғаш рет табиғи газды пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

Бұл игі бастама тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартып, ауданның әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына тың серпін беруде.