Қадірлі ұстаздар мен білім саласының ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Білім мен тәрбиенің негізін қалаған ұстазға деген құрмет қашанда жоғары. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деген дана сөздің мәні – сіздердің еңбектеріңізде. Бүгінгі таңда аудан мұғалімдері үздіксіз ізденіс үстінде, жаңа технологияларды меңгеріп, кәсіби деңгейін арттыруда. Көптеген ұстаздарымыз бен шәкірттеріміз республикалық, облыстық деңгейде жетістікке жетіп, аудан абыройын асырып жүр.
2025 жылы білім саласына айрықша көңіл бөлінді. Қарабұлақ орта мектебі күрделі жөндеуден өтіп, жаңа кейіппен оқу жылын бастады. Сондай-ақ С.Сейфуллин мектебінде де жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Аудан мектептерінде 9 мыңға жуық оқушы, балабақшаларда 1600-ден астам бүлдіршін білім мен тәрбие алуда. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жас мамандарды қолдау жұмыстары жалғасуда.
Құрметті ардагер ұстаздар!
Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен еңбектеріңіз — өскелең ұрпақтың жарық болашағына қосылған баға жетпес үлес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу – аса маңызды мемлекеттік міндет».
Сіздерге зор денсаулық, мол қуат, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін!
Шәкірттеріңіз әрдайым білім мен еңбекте биіктерден көріне берсін!
Ұстаздар күні құтты болсын!
Аудан әкімінің орынбасары – Баиузакова Жанар Канатовна