Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен аз қамтылған отбасыларға

Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен аз қамтылған отбасыларға

Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2024 жылдың 29 наурыз айындағы  «Ескелді ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» аудандық мәслихатының №23-76 шешімі негізінде - Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) өтініш жасай алады.

Мынадай құжаттарды қоса береді:

   1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

       2) Отбасын табысын растайтын құжаттар (жалақы, зейнетақы, жекеменшік құжаттар, алимент, көпбалалы отбасының табысын растайтын құжаттар)

          3) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

        4) Казпочтаның шоты;

   5)Тұрғын үйге құқықтық растайтын құжаттар (жалға алу келісімшарты, жекеменшік құжаттар);

        6) коммуналдық қызметтердің түбіртектері.

     «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметін тоқсанына бір рет Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Шестаков 17 мекен-жайы боиынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ арқылы немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталында ресімдеуге болады.

Анықтама телефоны: 3-20-54