Ескелді ауданында маңызды жиын өтті ✨
Бүгін Ескелді ауданының әкімі Елдос Ахметовтің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мәселелеріне арналған актив отырысы өтті.
Жиынға аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелердің басшылары, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
🔹 Отырыста Жолдауда белгіленген жеті басым міндетті іске асыру жолдары талқыланды. Атап айтқанда:
– ауданға инвестиция тарту;
– ауыл шаруашылығын қолдау;
– өңдеу өнеркәсібін дамыту;
– көлік-логистика инфрақұрылымын жетілдіру;
– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту;
– кәсіпкерлікті қолдау;
– адами капиталды дамыту мәселелері қаралды.
🔹 Аудан әкімі Елдос Ахметов сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындауды жүктеді.
#Жолдау2025 #ЕскелдіАуданы