Ескелді ауданының мәдениет үйінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация есебінде тұрған адамдарға арналған «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылып

Ескелді ауданының мәдениет үйінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация есебінде тұрған адамдарға арналған «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылып

Бүгін Ескелді ауданы мансап орталығығының ұйымдастыруымен Ескелді ауданының мәдениет үйінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация есебінде тұрған адамдарға арналған «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өткізілді. Жәрмеңкеге 56 азамат, 7 жұмыс беруші қатысып 100-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамға қайта бейімделу үдерісіндегі азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, тұрақты табыс көзіне ие болуына және әлеуметтік бейімделуіне қолдау көрсету.

Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер тарапынан бос жұмыс орындары ұсынылып, пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларға жұмыспен қамтудың белсенді шаралары түсіндірілді.