М.Байысов ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

М.Байысов ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

М.Байысов ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Бүгін М.Байысов ауылында салтанатты жағдайда жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға аудан әкімі Елдос Ахметов, аудан әкімінің орынбасары Жанар Қанатқызы, аудандық орталық аурухананың басшылығы және ауыл тұрғындары қатысты.

Медициналық пункт заманауи стандарттарға сай жабдықталған. Мұнда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету, ана мен баланы қорғау, профилактикалық шаралар ұйымдастыру сияқты маңызды қызметтер көрсетілетін болады.

Ашылу рәсімінде аудан әкімі Елдос Ахметов құттықтау сөз сөйлеп, жаңа нысанның ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Жанар Қанатқызы мен аудандық орталық аурухана басшылығы да жылы лебіздерін білдірді.

Шара барысында ауыл ақсақалы арнайы бата беріп, жаңа медициналық пункттің жұмысына сәттілік тіледі.

Ауыл тұрғындары үшін қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында іске қосылған нысан денсаулық сақтау саласының дамуына өз үлесін қосады деп күтілуде.