«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» байқауы аясында халықтық онлайн дауыс беру кезеңінің басталғанын хабарлаймыз. Аталған бастама азаматтардың пікірін ескере отырып, клиентке бағдарланған және сервистік мәдениет деңгейі жоғары мемлекеттік қызмет көрсетушілерді айқындауға бағытталған. Дауыс беру тәртібі: • https://lidergosuslug.kz/kz сілтемесі арқылы өтіңіз; • Үміткерлер тізімімен танысып, өзіңіз лайық деп санайтын қызмет көрсетушіге даусыңызды беріңіз. Сіздің әрбір дауысыңыз маңызды! Қоғамға сапалы қызмет көрсетіп жүрген мамандарды қолдай отырып, мемлекеттік қызмет көрсету саласының дамуына өз үлесіңізді қоса аласыз. Дауыс беру 2025 жылғы 30 мамыр мен 5 маусым аралығында жүргізіледі. Нәтижеге ықпал етуге және үздік қызмет көрсетушіні анықтауға атсалысыңыз.
#ҮздікСапалыҚызметКөрсетуші2025 #ЛучшийУслугодатель2025 #Клиентоориентированный2025 #Сервисный2025