Ескелді ауданында мәдениет және өнер қызметкерлері күні аталып өтті

Ескелді ауданында мәдениет және өнер қызметкерлері күні аталып өтті

Ескелді ауданында мәдениет және өнер қызметкерлері күні аталып өтті

Ескелді ауданында мәдениет пен өнер саласында аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлердің кәсіби мерекесіне арналған ерекше іс-шара өтті. Сала мамандарының еңбегі еленіп, аудан әкімінің атынан әкім орынбасары Жанар Қанатқызы құттықтап, бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар мен марапаттар табыстады.

Мерекелік кештің соңы концерттік бағдарламамен жалғасты. Жергілікті өнерпаздар көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, өз өнерлерімен тәнті етті.

Бұл күн – мәдениет пен өнерге жан-тәнімен берілген жандарға арналған шынайы алғыс пен құрметтің күні болды.