Жалғызағаш ауылдық округінің әкімі Д.А.Сапарғалиевтың Жалғызағаш, Биғаш ауылы тұрғындары алдындағы есепті жиналысын өткізді.

Жалғызағаш ауылдық округінің әкімі Д.А.Сапарғалиевтың Жалғызағаш, Биғаш ауылы тұрғындары алдындағы есепті жиналысын өткізді.

Жиналыс барысында 2025 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері таныстырылды. Атап айтқанда, инфрақұрылымды дамыту, жолдарды жөндеу, көше жарығын орнату, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу және ауыл шаруашылығын қолдау бағытындағы атқарылған шаралар туралы баяндалды.
Сонымен қатар, алдағы кезеңге жоспарланған жобалар мен міндеттер айтылып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Кездесу барысында ауыл тұрғындары өз сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Жиын қорытындысында ауылдың одан әрі дамуына бағытталған жұмыстар жалғасатыны атап өтілді.