
Қазақтың ұлттық киімі - қазақ мәдениетінің маңызды және ажырамас атрибуты. Ұлттық киім мен әшекей бұйымдардың түрі өте көп. Кез келген жанның бойына әсемдік сыйлап, талғамын айшықтайтын бұйым – үстіне киген киімі. Ата – бабаларымыз ұлттық киімдерімізді зор талғаммен, сәнді әрі қонымды етіп үйлестіре білген. Сан ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа мұра болып келе жатқан ұлттық киімдер әлі де өз құндылығын жоғалтқан жоқ.