Төлеңгіт ауылдық округіне қарасты Екпінді ауылының Қаблиса Жырау, Бақтыбай Жолбарысұлы, Ескелді би көшесіне жаңа жарық шамдары орнатылды.
Бұл игі іс – ауылымыздың көркеюіне, тұрғындарымыздың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстардың бірі.
Алдағы уақытта да ауылымызды жарықтандыру жұмыстарын жалғастыру жоспарланып отыр. Бұл жұмыстардың барлығы сіздер үшін, ауылымыздың болашағы үшін.