Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 17-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, респонденттер уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысандар бойынша шынайы бастапқы статистикалық деректерді ұсынуға міндетті.
Сондай-ақ, аталған Заңның 12-2-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес, бастапқы статистикалық деректерді кестеде көрсетілген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік статистика органдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды.
Осыған байланысты барлық шаруа қожалықтары мен округ тұрғындарын тиісті статистикалық есеп нысандарын уақтылы тапсыруға шақырамыз!
Қосымша ақпарат алу үшін Қоңыр ауылдық округі әкімінің аппаратына жүгінулеріңізге болады.