Құрметті Қоңыр ауылдық округінің тұрғындары!

Құрметті Қоңыр ауылдық округінің тұрғындары!

Сіздерді 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке - еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың, өзара құрмет пен келісімнің символы. Көпұлтты халқымыздың бірлігі - тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарының бірі.

Бірлік пен ынтымақтың арқасында біз кез келген қиындықты еңсеріп, ортақ мақсаттарға қол жеткізе аламыз. Әр отбасыға амандық, денсаулық, бақ-береке тілеймін.

Елімізде әрдайым бейбітшілік пен келісім салтанат құрсын!

Құрметпен,
Қоңыр ауылдық округінің әкімі
Кулахметов Арай Елубекович