25 сәуір - Эко-сенбілік акциясы өтеді

25 сәуір - Эко-сенбілік акциясы өтеді

Қоңыр ауылдық округінде 25 сәуір күні эко-сенбілік акциясы ұйымдастырылады. Акцияның мақсаты - елді мекендердің тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және абаттандыру жұмыстарын жүргізу.

Эко-сенбілік аясында көше бойлары, қоғамдық орындар мен мекемелердің сыртқы аумақтарын тазалау жұмыстары атқарылады.

Осыған байланысты ауыл тұрғындарын аталған акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.
Таза ауыл - ортақ міндетіміз!