
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қоңыр ауылдық округінде санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында ауыл көшелері мен қоғамдық орындарда тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, қоқыстар жиналды. Сонымен қатар, аумақтарды ретке келтіру және қоршаған ортаны қорғау бағытында жұмыстар атқарылды.
Акцияға ауыл тұрғындары және мекеме қызметкерлері қатысты.
Тұрғындарды санитарлық тазалық талаптарын сақтауға және қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.