
Наурыз мерекесіне орай Қоңыр ауылдық округінде кең көлемде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Қоңыр ауылының көшелері белсенді қатысып, әр көше өз дастарханын жайып, ұлттық тағамдар ұсынды. Бұл ауыл тұрғындарының бірлігі мен ұйымшылдығын айқын көрсетті.
Жиналған қауым мерекелік көңіл-күйде болып, ұлттық дәстүрлер дәріптелді.
Іс-шара қорытындысы бойынша Қоңыр ауылының көшелеріне ақшалай сыйақылар табысталды.
Мереке жоғары деңгейде өтіп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.