
Наурыз мерекесіне орай Қоңыр ауылдық округінде ұлттық арқан тартыс және өзге де ұлттық ойындар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ауыл тұрғындары белсенді қатысып, арқан тартыс, асық ату, қол күрес секілді ойын түрлері бойынша өзара бақ сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік шыққан қатысушылар марапатталып, оларға ақшалай сыйақылар табысталды.
Мерекелік шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мұндай іс-шаралар ұлттық дәстүрлерді насихаттап, ауыл тұрғындарының бірлігін нығайтуға ықпал етеді.