
2026 жылғы 22 наурыз күні Қоңыр ауылдық округінің ауылдық клубында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ұлттық дәстүрлер дәріптеліп, концерттік бағдарлама ұсынылды. Ауыл өнерпаздары ән шырқап, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік жиынға ауыл тұрғындары белсенді қатысып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға өз үлестерін қосты.
Наурыз мерекесі – бірлік пен татулықтың, жаңару мен берекенің символы ретінде кеңінен аталып өтті.