
Наурыз мерекесіне орай «Алдияр» шаруа қожалығы және Есимжанов М. шаруа қожалығы тарапынан қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Шара барысында көпбалалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және жалғызбасты тұрғындарға азық-түлік себеттері таратылды.
Бұл игі іс - ұлттық мереке қарсаңында қоғамдағы әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсетудің және қайырымдылық мәдениетін дамытудың айқын көрінісі.
Ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!