
Лудомания - бұл құмар ойындарға тәуелділік. Мұндай тәуелділік адамның психологиялық жағдайына, отбасылық қарым-қатынасына және қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді.
Құмар ойындарға тәуелді адам уақыт өте келе ойыннан бас тарта алмай, ақшасын жоғалтып, қарызға батуы мүмкін. Сонымен қатар жақындарымен қарым-қатынасы нашарлап, түрлі әлеуметтік мәселелер туындауы ықтимал.
Лудоманияның негізгі белгілері:
құмар ойындарға жиі ақша жұмсау
ұтылған ақшаны қайтару мақсатында қайта-қайта ойнау
ойын туралы үнемі ойлау
қаржылық қиындықтарға қарамастан ойынды тоқтатпау
жақындарынан ойын ойнағанын жасыру
Лудоманияның алдын алу үшін:
бос уақытты пайдалы істерге арнау
спортпен айналысу
отбасы және достармен көбірек уақыт өткізу
құмар ойындардан аулақ болу
Есіңізде болсын:
Лудомания - бұл жай ойын емес, адамның өміріне зиян келтіретін қауіпті тәуелділік.