
Нашақорлық – қоғам үшін аса қауіпті әлеуметтік мәселелердің бірі. Ол адам денсаулығына, отбасына және қоғамның дамуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан нашақорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес – барша қоғамның ортақ міндеті.
Осы орайда ауыл тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырамыз.
Есірткі заттарын қолдану адам өміріне орны толмас зиян келтіретінін естен шығармау қажет. Әрбір азамат қоғамдағы бұл мәселеге бейжай қарамай, болашақ ұрпақтың амандығы үшін өз үлесін қосуы тиіс.
Қоңыр ауылдық округі әкімдігі
баршаңызды салауатты өмір салтын ұстануға және нашақорлыққа қарсы күресте белсенді болуға шақырады.