
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу – мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және қоғамның ортақ міндеті болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрғындардың тыныштығын сақтауға, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған.
Осы мақсатта ауылдық округ аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тұрақты түрде түсіндіру және профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Атап айтқанда:
тұрғындармен профилактикалық әңгімелер өткізу;
жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша кездесулер ұйымдастыру;
қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлескен рейдтік шаралар өткізу.
Сонымен қатар, тұрғындарға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – әр азаматтың жауапкершілігі. Сондықтан тұрғындарды заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және ауылымыздың тыныштығын бірге қорғауға шақырамыз.