Қоңыр ауылдық округі әкімдігінде мемлекеттік қызметшілер арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту мақсатында түсіндіру жиыны өткізілді.
Іс-шара барысында:
•Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау міндеттері кеңінен түсіндірілді;
•Қызметтік мінез-құлық стандарттары және азаматтармен өзара іс-қимыл мәдениеті талқыланды;
•Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері мен қолданыстағы жауапкершілік шаралары қарастырылды;
•Ашықтық, әділдік және заң үстемдігі қағидаттарының маңыздылығы атап өтілді.
Мемлекеттік қызметші - мемлекет пен халық арасындағы сенім көпірі. Әдеп қағидаттарын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем жол бермеу - әрбір мемлекеттік қызметшінің кәсіби әрі азаматтық міндеті.
Қоңыр ауылдық округі әкімдігі тарапынан бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.