
2026 жылғы 26 ақпан күні сағат 15:00-де Қоңыр ауылдық округінің әкімі А. Кулахметовтың Көктөбе ауылы тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Кездесу барысында конституциялық реформа аясындағы түсіндіру және ақпараттық жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар ауылдың өзекті мәселелері талқыланып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалады.
📍 Кездесу орны: Көктөбе ауылындағы мектеп.
Баршаңызды аталған жиынға белсенді қатысуға шақырамыз.