
Бүгін Қоңыр ауылдық клубында «Рухымның қайнары - туған жер!» атты мерекелік концерт өтті. Іс-шара туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және ауыл тұрғындарының бірлігін нығайтуға бағытталды.
Концерттік бағдарламада жергілікті өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Патриоттық әндер, ұлттық билер және заманауи шығармалар орындалып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Аталған мәдени шара ауылдың қоғамдық-мәдени өмірін жандандыруға және тұрғындардың рухани бірлігін нығайтуға ықпал етті.
Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс білдіреміз!