📢 Жазғы шомылу маусымы басталды! Қауіпсіздік ережелерін сақтайық!

📢 Жазғы шомылу маусымы басталды! Қауіпсіздік ережелерін сақтайық!

Жаз – демалыс пен суға шомылудың мезгілі. Бірақ қауіпсіздік әрқашан бірінші орында тұруы тиіс!
Тұрғындар мен ата-аналардан, сондай-ақ жастардан келесі ережелерді қатаң сақтауды сұраймыз:

✅ Тек рұқсат етілген және арнайы жабдықталған жағажайларда шомылыңыз;
✅ Балаларды ересектердің қарауынсыз суға жібермеңіз;
✅ Су айдынында ойнау кезінде абай болыңыз, бір-біріңізге қауіп төндірмеңіз;
✅ Мас күйде суға түсуге болмайды;
✅ Құтқару құралдарын пайдалану маңызды — үрлемелі дөңгелек, жилет және т.б.;
✅ Су қоймаларындағы ескерту белгілеріне назар аударыңыз.

⚠️ Есіңізде болсын: қауіпсіздік ережелерін сақтау – өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтаудың кепілі!

📞 Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.