06.04.2026 жылы "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды

06.04.2026 жылы "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды

Көкжазық ауылдық округінде 4 сәуір күні сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлері белсене қатысты. Іс-шара барысында аумақтар тазартылып, су арықтары ретке келтіріліп, тазаланды.

Сонымен қатар, қоршаған ортаны көркейту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Ауыл аумағына қарағай көшеттері отырғызылып, табиғатты қорғауға бағытталған игі іс жүзеге асты.

Мұндай шаралар ауылдың тазалығы мен көркіне оң әсерін тигізіп, тұрғындарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндейді.

https://www.instagram.com/reel/DWtS4fWjKPW/?igsh=dWcxYXVxNTdydHZt