
26.02.2026 Көкжазық ауылдық округінің әкімі М.Жумабаев есепті кездесуін Көкжазық ауылының тұрғындарымен көше-көшелерге шығу форматында өткізді.
Кездесудің басты мақсаты – халыққа атқарылған жұмыстар жөнінде ашық есеп беру, алдағы жоспарлармен таныстыру және тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау.
Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалар аясында көрсетіліп жатқан қолдаулар мен жеңілдіктер туралы ақпарат берілді.
Тұрғындар өз тараптарынан бірқатар маңызды мәселелерді көтеріп, нақты ұсыныстарын жеткізді. Әрбір қойылған сұрақ назарға алынып, тиісті жауаптар берілді. Кейбір мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатыны түсіндірілді.
https://www.instagram.com/reel/DVX1RHhDGPw/?igsh=MXVjbHV6eDB4azJrOQ==